Орталық Азия елдерінің мигранттары үшін Ресей ұзақ уақыт бойы жұмысқа баратын негізгі ел болды. Бірақ Ресейде мигранттарға шабуылдар жиілеп, дискриминцияның күшеюі, оған қоса экономикасының құлдырауы жағдайды өзгертіп отыр.
Орталық Азиядан шыққан мигранттардың көбі Түркияға назар аударып отыр. Виза режимі жеңіл болғандықтан бұл ел аймақ тұрғындары үшін бұрыннан тартымды болатын. Алайда, Түркияда жұмыс істеп жатқан шетел азаматтары кейінгі жылдары бірқатар қиындықпен бетпе-бет келіп отырғанын айтады.
Бұл күндері Сирияда болып жатқан оқиғалар жөнінде әлеуметтік желіде түрлі фото-видеолар жариялап жүрген оннан астам қарулы адам ол жаққа Өзбекстаннан барғанбыз дейді. Бұл адамдар "Кәтиба Таухид уәл-Жихад" деп аталатын, негізінен өзбек ұлты өкілдерінен құралған топтың мүшелері болуы мүмкін.
Орталық Азияның ірі қалаларында жылда қыс мезгілінде тұрғындар түтінге тұншығып әлек болады. Сүзгі мен ауа тазартқыштан қайран жоқ. Біреулер биліктен жауап күтіп жүрсе, енді біреулер көшіп кетуге мәжбүр.
Латын қарпіне көшу – бір кезде Совет одағының құрамында болған түркі тілдес елдердің күн тәртібінен тәуелсіздік алған сәттен бері түспей келе жатқан тақырып. Қайсыбір елдер қарқынды реформа жасап үлгерсе, енді бірінде қаріп ауыстыру баяу жүріп жатыр.
Желтоқсанның басында Оңтүстік Кореяны дүр сілкіндірген саяси оқиға бүкіл әлемнің назарын аударды. Осы елде оқуда және жұмыс істеп жүрген Орталық Азия елдерінің азаматтары өздері куә болған жайтты баяндап берді.
Жолдағы көлік кептелісі Қырғызстан астанасы Бішкек пен Қазақстанның ірі қаласы Алматының халқына да, экономикасына да кері әсер етіп отыр. Бұл екі қала да совет кезінде салынғандықтан, қазіргідей көлік нөпірін көтере алмайды.
Өзбекстанда әйелге қатысты көкейкесті мәселе биік мінбелерден айтылып жүрсе де, жағдай оңалмай отыр дейді қоғам белсенділері. Олар отбасындағы әлімжеттік әйелді қоғамның тең құқықты мүшесі ретінде қабылдамайтын патриархал елдегі гендерлік зомбылықтың бір бөлігі екенін айтып отыр.
Екі жыл бұрын өзінен 50 жас үлкен көршісі зорлаған мүгедек жасөспірімнің денсаулығы сол оқиғадан соң күрт нашарлады. Қырғызстанда болған бұл жағдай педофилия мәселесін талқыға шығарды.
Маңғыстауда қырылған итбалық саны екі мыңға таяды. Олардың неден өлгені әзірше белгісіз. Министрлік "жер сілкінгенде бөлінген газдан болуы мүмкін" деп топшылап отыр. Ғалымдардың зерттеу қорытындысы әлі шыққан жоқ. Итбалық өлекселері табылған ауылдан Азаттықтың арнайы репортажын көріңіз.
Тағы