Сириядағы бетоннан тұрғызылған түрмеден сыртқа шыққандардың кейбірінің бет-бейнесі қорқынышты фильмдегі зомби тәрізді еді. Енді біреулері жылдар бойы көрмеген туыстарын құшақтап, солқылдап жылап тұр. Бұл адамдар жұрт арасында "адам қасапханасы" аталып кеткен Сейдная түрмесінен бостандыққа шықты.