Accessibility links

Маңғыстауда өзін өртеген ер адамның жағдайы өте ауыр


Ақтауда әкімдікте өзін өртеген ер адамның жағдайы өте ауыр деп хабарлады Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі. Бұл жөнінде Lada басылымы жазды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқас қан айналымын тұрақтандыратын инотропты қолдау жүйесіне қосылған, жасанды аппаратпен тыныс алып жатыр.

Дәрігерлер Астананың ұлттық шұғыл медицинаны ұйымдастыру орталығының мамандарынан кеңес алуды жоспарлап отыр.

5 желтоқсанда облыс әкімдігіне бір ер адам аймақ басшысымен кездесуге барған. Оған "бейсенбі күні азаматтарды қабылдамайды" деп айтқаннан кейін ер адам өзін өртеген.

Әкімдіктің хабарлауынша, полиция мен әкімдік қызметкерлері дереу отты сөндіріп, жедел жәрдем көлігін шақырған. Дәрігерлер келгенге дейін оған алғашқы медициналық көмек берген.

Полиция "қол жұмсау жағдайына жеткізу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаевтың жазуынша, ер адам Samruk Business Academy-ның "Токмак" зауыты құрылысы жобасында істеген. Жұмыс көлемі біткеннен кейін бұрынғы жұмысшы өзін компанияға штатқа алуды талап еткен деп айтылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG