Accessibility links

Каспийде жаттығу кезінде 4 әскери суға батып кетті


Маңғыстау облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)
Маңғыстау облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)

Бүгін Ақтауда "Орталық-2015" әскери жаттығуы кезінде Каспий теңізінің Қазақстанға тиісті тұсында төрт сарбаз суға батып кетті деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Министрліктің ресми сайтының мәліметінше, әскерилер "Оймаш" полигонынан 5 километр қашықтықта теңіз десантын түсіру жаттығуы кезінде суға батқан. Ресми мәлімет бойынша, теңізге алты бронетранспортер 52 сарбаз шыққан. "Теңізде толқын көтерілуі" салдарынан алты бонетранспортердің төртеуі суға батып, екеуі өз күшімен жағаға шыққан.

Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов төтенше оқиғаның мән-жайын анықтау үшін шұғыл түрде арнайы топ құрып, оқиға орнына жетуді тапсырған.

XS
SM
MD
LG