Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Қазақстанда жаңа үкімет жасақталды. 5 қаңтардан бері премьер-министрдің міндетін уақытша атқарып келген Әлихан Смайылов премьер болды. Алайда елдегі саяси жүйенің түгел жаңаруын талап еткендер "өзгерген ештеңе жоқ" дейді.
Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгелі елде интернет шектелген. Осының салдарынан мобильдік банкинг істемей, жұрт әбігерге түсті. Банкоматтарда ақша жоқ. Барының алды ұзын-сонар кезек. Есеп айырысу қиындаған соң тұрғындар үй маңындағы дүкен-дәріханаларға қарызданып жатқанын айтады.
Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Серік Әбдірахманов Азаттыққа Қазақстандағы төтенше жағдай туралы сұхбат берді. Экс-депутат тәртіпсіздікті Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған дейді. Ол сондай-ақ осы жағдайдан кейін саяси реформа қажетін айтады.
Парламент мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы елде боп жатқан оқиғалардан сабақ алып, саяси реформа жасау керек деген пікірде. Ол 5 қаңтарда Алматыда болған тәртіпсіздіктерден соң Қазақстан саяси дағдарысқа ұшырау алдында тұр дейді.
Азаттық радиосын «елбұзар» деп айыптаған Бекболат Тілеухан депутат мандатын тапсырып берді. Орталық сайлау комиссиясы оның «өз еркімен» кеткенін айтты. Парламенттегі әріптестерімен қоштасып, журналистердің алдына келген экс-депутат бір тілшімен жұлысып қалды.
2021 жыл Қазақстанда саяси белсенділер түрлі себеппен жиі қудаланды. Бұған алаңдайтынын айтқан Еуропарламент депутаттары президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сынады. Халықаралық рейтингтерде де Қазақстан ілгері жылжыған жоқ.
Биыл Қазақстанда азық-түлік қымбаттап кетті. Саудагерлер сөзінше, баға күн сайын құбылғандықтан, сауда-саттық та азайған. Жұрт тауарды бұрынғыдай емес, шақтап алуға көшкен.
Қазақстанда "Жануарларға жауапкершілікпен қарау" туралы заң қабылданды. Сенат мақұлдаған заң жобасына енді президент қол қоюы тиіс. Зообелсенділер жаңа заңның олқы тұсы көбін айтып, президенттен вето жариялауды талап етеді.
22 желтоқсанда ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев бейбіт шеру өткізбек болған шаруаларды министрлікке шақырды. Қазақстанның бірнеше өңірінен келген қырықтан көп адам мал шаруашылығына бөлінетін субсидияның аздығын, жайылым жер мен мал азығының тапшылығын шешіп беруді талап етті. Маңғыстаулы
Зардап шеккендердің "шындық ашылмады" деген күдігі жиі айтылса да парламентте 10 жыл бұрынғы Жаңаөзен оқиғасы бүгін де талқыланған жоқ. Полиция оғынан көз жұмған 17 адамды есіне алған ешкім болмады. Ал журналистермен жеке кездескенде кейбірі "полицияның қылмысы", "құпия ақпарат" деген сөзді айтады.
Қазақстанда зейнетақы қорында қалуы тиіс қаражат мөлшерінің екі есеге жуық ұлғаюына наразы азамат көбейді. Кейбірі еңбек министрлігі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын сотқа беріп жатыр. Депутаттар да бұл жаңа өзгеріске қарсылық білдірген.
Еуропа парламентінің депутаттары Қазақстан билігінің адам құүқығына байланысты саясатын тағы сынады. Кейбірі "президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "еститін үкімет" концепциясы іске аспай отыр" деді.
Нұр-Сұлтанда кран басында отыратын ондаған адам жұмыстың қауіпті екенін айтып наразылық білдірді. Биікке күн сайын шығып, тәуекелге баруға мәжбүр екенін айтқан олар жалақыны да көтеруді талап етеді.
Биыл Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. 1986 жылы Алматының орталық алаңында наразылыққа қатысқан кейбір азамат билік желтоқсаншыларға уәде еткен әлеуметтік көмегін әлі бермеді дейді. Олар арыз-шағымдарын хатқа түсіріп, президентке тапсырды.
Диссидент Арон Атабектің қайтыс болуына байланысты халықаралық ұйымдар мен беделді сарапшылар реакция білдірді. Кейбірі көңіл айтуымен қатар Қазақстан билігінен түсініктеме талап етті.
Нұр-Сұлтанда 25 қарашаға қараған түні қалың қар жауып, қаладағы қозғалыс шектелді. Шағын көшелер тазартылып үлгермей, жұмысқа кешіккендер көп болды. Әуежай жұмысын уақытша тоқтатып, бірнеше рейс кейінге шегерілді. Гидромет орталығы бір күнде айлық жауын-шашын түскенін айтты.
18 қарашада Нұр-Сұлтанда елдің әр өңірінен келген малшылар құрылтай өткізді. Құрылтайда жем-шөптің бағасы, жайылым жер мен су жетпейтіні, субсидия мәселесі көтерілді. Шаруалар Маңғыстау өңірінде ахуалдың қиындап тұрғанына баса назар аударды.
Премьер-министр Асқар Мамин үкімет басына келгелі үш жарым жылдан бері бірінші рет журналистерді шақырып, сұхбат берді. Жиынға тәуелсіз журналистер шақырылмады.
15 қарашада Қазақстан теңгесінің айналымға енгеніне 28 жыл болды. Осы жылдар ішінде ұлттық валюта үздіксіз құнсызданып келеді. Әуелде бірнеше тиынға бағаланған заттардың құны он, кейбірі жүз есе қымбаттаған.
Қазақстанда оқитын ауғанстандық студенттер оқуларына жете алмай отыр. Оқу басталғанына үш ай болса да кейбірі әлі сабаққа бармаған. Азатыққа Ауғанстаннан хабарласқан студенттер виза алу қиындық тудырып жатқанын айтады.
Тағы