Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан конституциясын референдум арқылы өзгерту бастамасын халықтың басым бөлігі қолдайды дейді. Алайда сарапшы референдум қорытындысы халықтың емес, Ақорданың ғана жеңісі болмақ деп санайды.
Қазақстанда жеңілдетілген автокредит бағдарламасына өтініш қабылдау басталып, арзан көлік мінгісі келген жұрт автосалондарға ағылды. Үкімет бағдарламаға 100 миллард теңге бөлген. Бірақ сарапшы бағдарламаның жұртты көлікпен жарылқайтынына сенбейді
Билік референдум өткізуге қызу дайындалып жатыр, ал тұрғындар негізгі заң өзгергелі жатқанын біле ме? Әріптесім астаналықтардан сұрап көрді.
Жаңаөзенде жиырма күннен астам уақыт ереуілдеп талаптарын орындата алмаған «КезБи» мекемесінің мұнайшылары астанаға келді. Олар бірнеше министрлік пен мәжілістің бірқатар депутатына барып шағым айтты.
Қазақстан мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов 27 сәуірдегі брифингте "егер Конституцияға өзгеріс енгізілсе, "Тұңғыш президент – Елбасы" конституциялық заңы күшін жояды деп күтіліп жатыр" деді.
Түркістан облысында кемі бес елдімекен селден зардап шегіп, жүздеген мал қырылды. Әкімдік дерегінше, 18 үй лай судың астында қалған. Су басқан ауылдардан елудей адам эвакуацияланған. Табиғи апатпен арпалысқан жұрт биліктен тез арада көмек болса дейді.
Жаңаөзенде жалақы талап еткен жұмысшылар ереуілі тағы көбейді. Қазір қаладағы ірі мұнай өндіруші "Өзенмұнайгаз" акцмонерлік қоғамына қызмет көрсететін бірнеше ірі мекеменің жұмысшылары жалақы көтеруді талап етіп жұмысты тоқтатты.
20 сәуірде Қазақстан парламентінің төменгі палатасы әлеуметтік желілерді "реттеуге негізделген" заң жобасын мақұлдап, президентке жолдады. Бұған дейін сенат енгізген өзгерістермен мәжіліс толық келісті. Қоғам наразылығын туғызған "кибербуллинг туралы" заң жобасын депутаттар талқылаған жоқ.
Кейінгі күндері Қазақстан парламенті журналистермен алысып әлек. "Тілшілер депутаттардың соңынан жүгірмесін, біз көрсеткен жерде тұрып сұхбат алсын" дейтін талап қояды. "Төртінші билік" өкілдерін жоғарғы палата жертөлеге түсіріп тастады.
Қаңтар оқиғасы кезінде баласы қаза тапқан, туысы қамалған бір топ адам әділдік талап етіп Нұр-Сұлтанда жүр. Алматы, Тараз, Шығыс Қазақстаннан келген тұрғындар президенттің қабылдауын сұрайды.
"Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Нұр-Сұлтан іргесінде 150 гектар жері мен зәулім саяжайы бар" дейтін ақпарат тарады. Ашық дереккөздерден ақпаратты растау қиын. Бірақ саяжай маңын мемлекет күзетеді, ешкімді жүргізбейді.
Қазақстанда кейінгі кезде жалақы мен жұмыс орындарының аздығына шағым көбейген. Осы орайда Азаттық тілшісі үкімет басшысының орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан жалақы мөлшері туралы сұраған. Министр "жұмыс жоқ" дейтіндерді "масыл" деп сынаған. Министр сөзіне қатысты бүгін депутаттардың ойын сұрадық.
Қазақстан президенті мен өзге де жоғары лауазымды шенеуніктерге "қастандық жасауға тапсырыс алған шетелдік барлау агенті" келген мемлекетпен Нұр-Сұлтан қандай дипломатиялық қарым-қатынас ұстанады? Азаттық сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіден сұрады.
Қазақстанда Орталық сайлау комиссиясы қайта жасақталып жатыр. Мәжілістің тағы бір депутаты мандатын тапсырып, комиссия құрамына ауысты. Заң бойынша жеті адамның үшеуін президент, төртеуін парламент тағайынтын комиссияның алдағы сайлауларды әділ өткізе алатынына сарапшы күмәнмен қарайды.
Қазақстан үкіметі соғыс болып жатқан Украина жеріне жеті ұшақ жіберіп, мыңға жуық азаматын эвакуциялады. Алайда тағы қанша адам қалғаны белгісіз. Азаттық сөйлескен кейбір қазақстандық оқтың астында, оттың құшағында қалған Украинаны тастап кетпейтінін айтады.
Әлеуметтік желіде "Қазақстандықтар цензураға қарсы!" деп аталатын петицияға қол жинау жалғасып жатыр. Оның авторлары сенат пен президентті мәжіліс мақұлдап жіберген заң жобасын қабылдамауға шақырады. Қабылданса сөз бостандығына, ақпарат тарату еркіндігіне қауіп төнеді дейді.
Қазақстан мұнайының негізгі бөлігін экспорттайтын "Каспий мұнай құбыры консорциумында" апат болып, мұнай тасымалдау қиындады. Новороссийск түбегіндегі бүлінген құбырды жөндеуге Қазақстан билігі үш аптаға, Ресей тарабы бірнеше айға созылуы мүмкін екенін айтады.
9 наурызда Қазақстанда теңге тағы да құнсызданды. АҚШ долларының құны 510 теңгеге жетті. Бұл - бұрын соңды болмаған көрсеткіш. Сарапшылар жағдай жалғаса берсе, ел экономикасы құлдырайды деп қауіптенеді.
Ресейдің Украинаға шабуылынан соң Батыс Ресейді «агрессор» деп айыптап, санкциялар легін көбейткен. Бұл жағдайдан соң сарапшылар Қазақстан ҰҚШҰ мен ЕАЭО секілді Ресейдің ықпалы жоғары ұйымдардан шығуы керек деген мәселе көтеріле бастады. Сенат депутаттары Қазақстан Ресеймен ортақ ұйымдардан бас тарт
Қазақстан жұрты Украинаға материалдық көмек жөнелтіп жатыр. Бастамашыл топ өкілдері жиналған заттар мен қаржыны бүгін Украина елшілігі ғимаратына апарып тапсырды.
Тағы