Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Қазақстанда азық-түлік тағы қымбаттады. Әсіресе көкөніс бағасының өте жоғары екені байқалады. Былтырдан бері кейбір өнім екі есе қымбаттаған.
Қазақстанда халықты коронавирусқа қарсы вакцина салуға шақыратын, Covid төңірегінде түрлі кеңес беретін Medsupport еріктілер жобасы Қазақстан вирусологтары дайындап жатқан Qaz-Covid-in екпесіне күмәндана қарайды. Ғалымдар мен дәрігерлер екпе құрамындағы кейбір қоспаға күдіктенеді.
Қазақстанның бірнеше қаласында жүк көлігі жүргізушілерінің жолды ақылы жасауға наразылық танытып отырғанына төртінші күн. Олар жол ақылы болса күнкөрісі қиындайтынын айтады. Ал министр автомобиль жолын ақылы жасау әлемде бар қалыпты жағдай деген уәж айтады.
Мәжіліс депутаттары кейінгі аптада әр өңірде ақылы жолға наразылық білдіріп жатқан жүргізушілердің талабын қолдады. Олар жүргізушілер бұл бастамаға қарсылық білдіріп бас көтергеннен кейін ғана жолдардан ақы табуды көздеген үкімет бастамасын сынға алды.
Түркістан облысында тұратын көп балалы екі шаңырақ Нұр-Сұлтанға келіп, Ресей елшілігінен азаматтық сұрады. Айтуларынша, Қазақстан билігі оларға әлеуметтік тұрғыда көмектеспеген, баспана бермеген, жұмыс та ұсынбаған.
Нұр-Сұлтандағы проблемалық тұрғын үй үлескерлері өздерінің пайын мойындап, кооперативке мүше етіп алуды, пәтер кілттерін беруді талап етіп президент әкімшілігіне тағы келді.
Алматыда дайын тамақ пен азық-түлікті тапсырған жерге дейін жеткізіп берумен айналысатын куреьер компанияның жұмысшылары бір аптадан бері айлықтың азайып қалғанын айтып, наразылық білдіріп жүр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін парламенттің қос палатасы мақұлдаған «Жер қатынастары туралы заңға» қол қойды. Құжатқа сәйкес, жер шетелдіктерге сатылмайды, жалға да берілмейді. Бірақ Қазақстан азаматтарына жер сату мәселесіне нүкте қойылмады. Бұған парламент депутаттарының пікірі қандай?
Грузияға жұмыс істеуге барып, белгісіз жағдайда қаза болған Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваның сүйегі Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғап, тергеп жатқан грузин полициясы мен Қазақстанның сыртқы істер министрлігі "Айтпаева суицид жасаған" дейді. Марқұмның туыстары бұған сенбейді.
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы маңындағы орманды өртеді деген күдікпен бір адам ұсталғаны хабарланды. Өрттен бір адам қаза тапты, екі тұрғынды күйік шалды. Лесхоз кентінде 37 үй жанып кетті.
Нұр-Сұлтанда 5 мамырдан бастап халыққа Қытай вакцинасы егіле бастады. Бірақ емханаға келгендердің көбі оны емес, Ресейдің "Спутник V" екпесін алуға бейіл. Қазақстан Қытай дайындап, БАӘ елінде өндірген Hayat Vax екпесінің 1 млн дозасын сәуірде алған.
Қазақстан президенті Тоқаевтың тапсырмасымен дайындалып, мәжіліс бір ай қарап мақұлдап, сенат бір отырыста қайта өзгерткен Жер қатынастары туралы заң жобасы Тоқаевтың өзіне кетті.
30 сәуірде Қазақстанның бас санитарлық дәрігері "Спутник V" вакцинасын салу аралық мерзімінің өзгертілгенін хабарлады.
Қазақстан Қытай вакцинасын сатып алды. 1 миллион доза "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының қызметкерлері мен олардың отбасына арналған. Қызығы – қор да, вакцинаны жеткізуші компания да қытайлық екпені кім таңдағанын нақты айта алмады.
Қазақстан президенті Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған жер комиссиясы жер дауын толыққанды шеше алмады.
Қазақстанда коронавирус індеті өршіп барады. Дәрігерлер ахуалы ауыр адамдардың аз емесін айтады.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында соңғы бірнеше күннен бері «Мұнайфилдсервис» және «Бұрғылау» деп аталатын екі компанияның мердігер мекемелерінде жұмыс істейтін мұнайшылар ереуілге шығып жатыр. Олар штатқа алуды және жалақы өсіруді талап етеді.
Атырау облысының Ресеймен шекаралас тұсындағы Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында аяқ асты басталған шекара сызығын белгілеу халықты алаңдатты. Олар ауылдың сулы аймағы Ресейге кетіп барады деп дабыл қақты. ҰҚК мұны ұзаққа созылған демаркация деп түсіндіреді. Бірақ шекараны белгілеуді тоқтатты.
Астанадағы «Шапағат» базарының алдында тұрып сауда жасайтын адамдар «әкімдік бізді жылы орнымыздан қуып жатыр» дейді. Олар билік ұсынған басқа жерде адам аз, сауда жоғын әрі оның жалдау ақысы қымбат екенін айтады.
Қазақстанда жұртқа жаппай Covid вакцинасы салынып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, вакцинаның алғашқы дозасы 500 мыңдай адамға, ал екінші дозасы 100 мыңдай адамға егілген. Денсаулық сақтау министрлігі сәуірдің соңына дейін 2 млн азаматқа вакцина салуды жоспарлаған. Бұл мүмкін бе?
Тағы