Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Ташкенттегі құдайы ас
22 сәуір 2015 жыл, 07:35
Ташкенттегі Қазақ мәдени орталығы жергілікті диаспораның үлкендерін жинап, құдайы тамақ берді. Ақсақалдар мен әжелер осы өңірге белгілі сумаляк асының дәмін татып, әңгіме-дүкен құрды. Фотолардың авторы - Умида Ахмедова.
1
Қазақ мәдени орталығының жетекшісі Хамза Халмурадов қонақтарды қарсы алып тұр. Суретте ол белгілі академик Бәкір Серікбаевпен амандасып жатыр.
2
Мәдени орталықтың көркемөнерпаздар үйірмесіне мүше ташкенттік әже.
3
Жергілікті әйел түйген бидайды сүзіп, сумаляк атты дәстүрлі тағам пісіруге дайындалып жатыр.
4
Өзбекстанда танымал "сумаляк" атты тағамды пісіргенде қазанға бірнеше тас салады. Аңыз бойынша бір уыс ұннан басқа ештеңесі жоқ жарлы әйел балаларын алдарқату үшін түнімен қазанға ұнмен бірге тас салып, су құйып ас әзірлеп жатқан болып ожаумен былғай беріпті. Өзектері талған балалары қалжырап ұйықтап кетіпті. Таңертең тұрғанда әлгі әйел мен балалары қазанның ерекше дәмді бір тағамға толып тұрғанын көріпті. Қазір бұл тағам түрлі қоспадан тұрады, бірақ аспаздар қазанға жақсы тілек айтып бірнеше тас салуды ұмытпайды.
5
Мәдени орталықтың белсендісі Майра апа.
6
Құдайы асқа пісірілген бауырсақтар.
7
Орталықтың белсендісі, ташкенттік кәсіпкер құдайы тамаққа самса пісіріп әкеліпті.
8
Құдайы тамаққа келген Тамара апа (сол жақта) - тыл ардагері.
9
Чиназдан арнайы шақырылған қазақ тілді молда Зұлпықар (Зулфикар) дамолла (оң жақтан екінші) уағыз айтып отыр.
10
Ташкенттегі қазақ мәдени орталығында өткен құдайы асқа келген тыл ардагері Қорабай ақсақал (сол жақта) мен қалалық мәдени орталық жетекшісі Тұрсынмат мырза.
11
Құдайы асқа қатысушылар.
12
Зұлпықар молда бас мүжіп отыр.
13
Мәдени орталықтағы қойылымға қатысушы әжелердің бірі.
14
Құдайы ас кезінде қонақтарға Асанбай Асқаровтың "Тағдыр" атты кітабы тарту етілді.
15
Ташкенттегі Қазақ мәдени орталығының ауласы. Бұрын бұл ғимаратта Қазақстанның елшілігі орналасқан.
Ташкенттегі құдайы ас
Ұқсас
Наурыз тойы
Ташкент әйелдерінің бейнесі
Паркенттегі көкпар
Ташкенттегі қазақ ауылы
XS
SM
MD
LG